Тапсырыс үшін қойылатын талаптар

«Сардар» баспа үйінде сіз түрлі-түсті, не ақ-қара мұқабамен кітапты шұғыл түрде бастыра аласыз.

Біз көптеген шығарған кітаптарымыздың үлгілерімен біздің офистен және көптеген кітап дүкендерінде таныса аласыздар. Біздің баспаның суретшілері сізге кітапты безендіріп, корректорлар мен редакторлар түпнұсқа макетті баспаға дұрыстап дайындап береді. Сіздер материалды қолжазба түрінде де өткізе аласыз, баспа қызметкерлері болса лайықтап түпнұсқа макет әзірлеп шығарады.

«Сардар» баспа үйінде шығарылатын кітаптардың сапасы қойылатын талаптарға сай. Біз сондай-ақ басылымдарымызға штрих-код береміз, бұл кітап өнімдерінің сауда желісіне түсуі кезінде аса маңызды нәрсе.

Кітапты басып шығару құнын есептету үшін сізден басылымның мынадай көрсеткіштерін хабарлауыңызды сұраймыз:
Кітаптың тиражы.
Кітап бетінің саны.
Кітап форматы (А4, А5, А6 немесе типографиялық формат).
Кітап мұқабасы жұмсақ болады ма, әлде қатты түрде түптеледі ме, соны таңдаңыз:
а) Кітабыңыздың мұқабасы жұмсақ болса, оның түсін көрсетсеңіз: жай түрі (басқа түстер аясындағы қара шрифт ең арзан нұсқа; немесе түрлі -түсті .
б) Кітабыңыздың мұқабасы қатты болса, оның түрін көрсетсеңіз: түрлі-түсті ламинитталған немесе бумвинил (тері іспетті) өрнектелуі және бар.Қаржыны үнемдеу үшін,тираждың бір бөлігін жұқа мұқабамен, бір бөлігін қатты мұқабамен шығаруға тапсырыс бере алатыныңызға назар аударамыз!
Кітапта түрлі- түсті беттер болады ма, болса қанша бет?
Кітап тиражын сізге тасымалдап жеткізіп беру керек пе, біз ондай да қызмет көрсетеміз.

Электронды почтамыз: sardar777@list.ru 

Спасибо за заявку
Ожидайте нашего звонка.